-A A +A

Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің мәжіліс залында Әділет органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Отырысқа Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Үйлестіру кеңесінің комиссия мүшелері қатысты.

Отырыс барысында «Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету барысында Әділет департаментімен өзара ынтымақтастық бойынша», «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 «Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Электронды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуы және  эталондық бақылау банкін жүргізу» туралы  баяндамалар оқылды.

Сонымен қатар, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелігіне БҚО адвокаттарының кіруі туралы мәселесі қаралып Үйлестіру кеңесінің 2018 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі