-A A +A

Баспасөз хатшыларының басын қосты

4 желтоқсан күні Жайық пресс медиа холдингинде мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларының басын қосқан жиын өтті.

Мақсаты - мобильді қосымшаны таныстыру. Яғни, ұялы телефоныңыздан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің сондай ақ 12 аудандық газеттердің жаңалықтарын оқуға болады. Сондай ақ, әр мемлекеттік орган өз саласында болып жатқан жағымды жаңалығымен осы сайтқа жариялау арқылы бөлісе алады.

Проектордан жаңа сайттың слайд нұсқасы көрсетіліп, жобаның қолданылу және телефонға енгізу  схемасы  таныстырылды.

Қазіргі уақытта баспасөз науқаны тұсында облыстың бас газеттеріне жазылу мәселелері де тілге тиек болды.Жиындағы тың жаңалық облыстық газетердің алдағы жылы  электрондық нұсқаларының шығатындығы.

Басқосуда сөз алған Жайық пресс медиа холдингінің бас директоры Ж Сафуллин технология дамыған жаңа заманда ақпараттарды жедел  жеткізудің тиімділігі туралы айтты. Сөз соңында  алдағы уақытта барлық мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларымен тығыз қарым - қатынаста жұмыс жасау керектігін айтты.

 

 Әділет департаментінің баспасөз қызметі