-A A +A

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету шарасы өткізілді

2017 жылдың 5 желтоқсанында Орал қаласының Әділет басқармасымен «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде маслихат депутаттарының  қатысуымен азаматтарға тегін құқықтық қызмет көрсету шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру, азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне тегін заң кеңестерін ұсыну және проблемалық мәселелерінің шешімін табуға құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Іс-шара барысында азаматтардан тұрғын үй, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, жер қатынастары мәселелеріне қатысты және өзге де сұрақтар қойылып, барлық сұрақтар бойынша тиісті жауаптар берілді.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі