-A A +A

Азаматтар үшін құқықтық кеңес

         Ағымдағы жылдың 26 қазан  күні тұрғындардың құқықтық деңгейін арттыру мақсатында, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында Сырым ауданының Әділет басқармасының  басшысы Н.Қайыржанова  азаматтарды қабылдады.

Қабылдауда барлығы 8 азамат болды. Барлық жүгінген азаматтар жылжымайтын мүлікті тіркеу, алимент өндіру және   заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша білікті құқықтық көмек алды.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі