-A A +A

Авторлық құқық объектiсi және оның қолданылу аясы

        Ағымдағы жылдың маусым айының 23 күні аудан әкімдігінің ғимаратында Тасқала ауданың Әділет басқармасының басшысы Д.Махашевамен БҚО кәсіпкерлер палатасының Тасқала ауданындағы филиалының  басшысы  А.К.Жұртабаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мусалимова, ішкі саясат бөлім басшысы А.Дүйсенова сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің қатысуымен «Авторлық құқық объектiсi және қолданылу аясы» атты  «дөңгелек үстел» өткізілді.

     Іс шараның мақсаты - зияткерлік меншіктің құқығын қорғау саласындағы заңнаманы түсіндіру. Әділет  басқармасының басшысы Д.Махашева қатысқандарға «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР  1996 жылғы 10 маусымдағы  Заңының 5-бабының  авторлық құқықтың қолданылу аясына тоқтап, ҚР-ның аумағында жарияланғанын не жарияланбағанын, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан ҚР аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылатындығы және Заңның 6-бабына сәйкес, авторлық құқық объектiлері және ережелері туралы түсіндірді.

 

Әділет департаментінің баспасөз қызметі