-A A +A

Астана күнін мерекелеуге байланысты

5 шілде күні «Астана күні» мерекесіне орай Сырым аудандық Әділет басқармасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің мамандарымен бірлесіп,  заң көмегіне мұқтаж жандарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға заң көмегін көрсетті.

Кездесу барысында ҚР Президентінің биылғы Жолдауы насихатталып, әділет органдарының қызметі, сондай-ақ, қолданыстағы заңнамалар бойынша заңгерлік кеңестер беріп, оларды толғандырған мәселелер бойынша барлық сауалдарға жауаптар берді.

         Өздеріне көрсетілген осындай ілтипатқа разы болған мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттік қызметкерлерге өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі