-A A +A

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеке қабілеттік» Жолдауын іске асыруға  арналған Медиа-Жоспарға сәйкес 22.12.2017.  күні колледждің  ғимаратында Зеленов ауданының Әділет басқармасының ұйымдастыруымен  «Ашық есік күні» акциясы өтті.    

Акция барысында әділет басқармасының жетекші маманы Ж. Абулхаирова  колледж оқытушыларының және студенттердің алдында қолданыстағы заңнамалар бойынша мағлұмат беріп, сонымен қатар жыл сайынғы Қазақстандық көшбасшысының өтініштерінін арасында осы Қазақстан халқына Жолдауы ерекше орын алғаны жөнінде атап өтті.

Барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі