-A A +A

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

   2017 жылдың 20 қазан  күні   Шыңғырлау ауданының Акбулак  ауылдық округі, Тасмола ауылында  аудандық әкімдік бастамасымен аудандық «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Акция мақсаты- азаматтарға, кәсіпкерлерге   білікті заңгерлік, әлеуметтік және басқа да көмек пен кеңес беру.

Акцияға аудан әкімі А. Есалиев,  аудандық  мәслихат аппаратының басшысы Г.Волкогон, аудандық Әділет басқармасы басшысының м.а. А.Ильясов, аудандық жергілікті полиция бастығы Б.Елесбаев,   мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылары  қатысты.

Акция  барысында  А.Ильясов азаматтарға   жылжымайтын  мүлікке құқықтарды,  заңды  тұлғаларды  тіркеу,  тегін заңгерлік  көмек  көрсету  мәселелері  бойынша   және жаңа «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»  заңының жобасы   түсіндіріле  отырып,  әділет  органдарының  іс-әрекеті бойынша  білікті  заң  көмегі көрсетілді. Барлық  қойылған  сұрақтарға    толықтай  жауаптар  алынды.

Әділет департаментінің баспасөз қызметі