-A A +A

«Алименттер төлемеуге қарсы 30 қадам»

Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде департамент басшысының орынбасары М.А. Умралеевтың төрағалық етуімен және Жұмыспен қамту орталығы, БҚО Регионалдық жеке сот орындаушылардың палатасының өкілдерінің қатысуымен бірлескен кеңес өтті.

            Аталған кеңесте БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының  халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А.А. Амантаева, Жұмыспен қамту және еңбек нарығын талдау секторының меңгерушісі А.М. Казмуханова, БҚО Регионалдық жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары С.Б. Жамалиева,

мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.

07.06.2017 жылы №689,153 бекітілген «Алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар тұлғаларды еңбекпен қамту мәселесі бойынша өзара іс-қимыл тәртібі туралы» бірлескен бұйрығының ұйымдастыру және орындау мәселелері талқыланды.

         Өткізілген кеңестің соңында жеке сот орындаушылардың алдында алимент өндіру туралы сот актілерін орындау жөнінде мақсат қойылды.

                                                                                  

Әділет департаментінің баспасөз қызметі