-A A +A

Адвокаттардың құзыреттерін кеңейту мәселелері талқыланды

            А.ж. 10 қараша айында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының м.а. Х.М.Куставлетовтың төрағалық етуімен «Құқық қорғау қызметін процестік негіздерін жаңғырту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасы аясында  адвокаттық қызметті  және адвокаттардың процестік құзыреттерін кеңейтуді реттейтін заң жобаларын  талқылау бойынша  «дөңгелек үстел» өткізілді.

         «Дөңгелек үстел» жұмысына Батыс Қазақстан облысы сотының, Орал қалалық  соттарының  қылмыстық юрисдиксиясының судьялары, облыстық прокуратура,  БҚО  Ішкі Істер  департаменті,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының  БҚО бойынша департаменті, БҚО Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  Комитетінің басқармасы, Орал қаласы Ішкі Істер басқармасының өкілдері, Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының  адвокаттары қатысты.

         Қатысушылармен «Құқық қорғау қызметін процестік негіздерін жаңғырту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасы  талқыланды.

         Адвокаттармен  ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің  13-1 жаңа бөлімінің  122, 296 баптарының  ұсынылған редакцияларына өзгеріс енгізу және «Сот - сараптама қызметі туралы» ҚР Заңына (30,36 баптарына),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне  (807 бабына) өзгерістер енгізу ұсынылды. Адвокаттардың пікірінше, көрсетілген өзгерістер  адвокаттың тәуелсіздігін  қамтамасыз ету үшін  және қызметтік міндеттерін тиісті орындау үшін тиімді және пәрменді шара болып табылады, сонымен қатар,   қылмыстық процесте  айыптау және қорғау жақтарының  нақты жарыспалылығы мен теңдігін қамтамасыз етеді.

             «Дөңгелек үстел» қатысушылары  Заң жобасы бойынша өз ұсыныстарын айтып,  жалпы қолдап, оның өзектілігін атап өтті.

 

                                                                                 Батыс Қазақстан облысы

                                                                                  Әділет департаментінің

                                                                                  баспасөз қызметі