-A A +A

Жаңалықтар

2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша аудан активінің отырысы

      Ағымдағы жылдың 24 шілде күні Бөкей ордасы ауданы әкімі Н.Рахымжановтың төрағалық етуімен аудан активінің жиналысы оздырылды. Жиналысқа ауылдық округ әкімдері және аудандық мекеме басшылары қатысты.

  Жиын барысында Әділет басқармасының басшысы А.Атаевпен 2017 жылғы 1-жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы және өткізілген іс-шаралар бойынша басқарманың есебі берілді. Сонымен қатар, әділет органдары қызметін жақсартуға бағытталған  а.ж. екінші жартыжылдығында жасалатын  алға қойылған міндеттерді атап өтті.

Оқыту семинары өткізілді

     А.ж. 20 шілде айында Батыс Қазақстан облысы  Әділет департаментінде  облыс аумағында азаматтық хал актілерін тіркейтін жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін оқыту семинары өткізілді.

      Семинарда  облыстағы жергілікті атқарушы органдардың бөлім басшылары және мамандары, «ҰАТ» АҚ  БҚО АТОО-ның бас  маманы қатысты.

Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметі қорытындыланды

    2017 жылдың 19 шілдесінде Батыс Қазақстан облыстық әділет департаменті басшысының м.а. Х.М.Куставлетовтың төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, алқа  отырысында Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Алқа мәжілісіне департамент пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Халықпен кездесу

          А.ж. 17 шілде күні Тасқала ауданының Әділет басқармасымен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде басқарма басшысы Д.Махашева, мемлекеттік аға сот орындаушы Е.Телекабель, прокурор көмекшісі Қ.Ғайсиннің қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде азаматтарды қабылдау жүргізілді.

        Акцияның мақсаты - азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне тегін заң кеңестерін ұсыну және  құқықтық көмек көрсету.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу барысында кездесетін мәселелер

      Ү.ж. 17 шілде  күні  Қаратөбе ауданы  Әділет басқармасымен  «Азаматтарға арналған  үкімет» МК КАҚ филиалы  - БҚО «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қаратөбе аудандық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды  тіркеу  барысында кездесетін мәселелер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

       Ү.ж. 17 шілде  күні Казталов ауданы  Әділет басқармасымен  БАҚ өкілдері , блогерлер және  қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен   брифинг өткізілді.

     Брифингтің негізгі мақсаты – басқарманың  барлық қызметтері бойынша      2017 жылдың 6 айында атқарған жұмысын қорытындылау және  жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша енгізілген өзгерістер жөнінде ақпарат  беру.   

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдау кезінде туындайтын мәселелерді талқылау

       Тасқала ауданының Әділет басқармасымен 2017 жылдың 14 шілде күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімі инспекторларының қатысуымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдау кезінде туындайтын мәселелерді талқылау» тақырыбына  «дөңгелек үстел» өткізілді.

       Шараның мақсаты -  мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.

Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округіне «Шығу кеңесі» жүзеге асырылды

      2017 жылдың  шілде айының 14  күні  Әділет басқармасының басшысы Н.М.Дауленов, Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты А.А.Досиевтың қатысуымен Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округіне шығу кеңесі жүзеге асырылды.

     Іс-шараның негізгі мақсаты- азаматтардың құқықтық деңгейін көтеру және азаматтардың барлық санатына тегін заң кеңесін көрсету.

Халыққа білікті заң көмегі көрсетілді

       А.ж. 12 шілде айы күні Қаратөбе  ауданы  Әділет  басқармасының  басшысы  Н.Басерованың  төрағалық  етуімен ақпараттық-насихат тобымен  аудандағы  жекеше нотариус М.Орынтаевтың,  аға сот орындаушы М.Абдрахмановтың қатысуымен Сулыкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

     Аталған  іс-шараның  мақсаты - Дүниежүзілік  экономикалық форумның  Жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік   индексінің  көрсеткіштерін жақсарту, азаматтардың  құқықтық  мәдениетін арттыру,  білікті  заңгерлік  көмек  көрсету.

Кәсіпкерлермен «дөңгелек үстел» өткізілді

           А.ж.  12 шілде айында  Сырым аудандық Әділет басқармасымен аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен «Халықаралық рейтингтерде ҚР көрсеткіштерін жақсарту» тақырыбында «дөңгелек үстел»  өткізілді.

       Аталған іс-шараның мақсаты -  «Doing  Business» Дүниежүзілік Банктің және Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі индексі рейтингілерінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру.

Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ( Орал қаласы, Достық даңғылы, 208, анықтама үшін телефон 8 (7112) 30 91 25) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау конкурсын жариялайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы, жасы жиырма беске толған; жоғары заңгерлік білімі; жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтуі; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепке алынғандығы туралы мәліметтердің болмауы.

Құжаттар 2017 жылдың 12 шілдеден 10 тамызға дейін Әділет Департаментінің кеңсесінде немесе электронды үкімет www.egov.kz, www.elicense.kz. веб-порталы арқылы қабылданады.

Жылжымайтын мүлікті тіркеу

 

      2017 жылдың 11 шілде айында Сырым аудандық Әділет басқармасының жетекші маман А.Ишангалиева  аудандық орталықтандырылған кітапханада «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» тақырыбында дәріс оқыды.

      Кітапхана қызметкерлеріне жылжымайтын мүлікті тіркеу саласы бойынша қолданыстағы заңға түсінік берді. Сондай-ақ, осы іс-шараның қатысушыларының сұрақтарына жауаптар берді.

 

БҚО  Әділет департаментінің

баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

                        

     Тасқала ауданының Әділет басқармасында  а.ж. 11 шілде күні  «Намыс» жастар бірлестігі мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді.

    Семинар мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Кәсіпкерлермен кездесу

             Ү.ж.  11  шілде айы  күні  Қаратөбе  ауданы  Әділет  басқармасымен Кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданындағы филиалы өкілдерінің қатысуымен «Заңды тұлғалардың  құрылтай  құжаттары»  атты  тақырыпта  семинар  өткізілді.

          Кездесу барысында  «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу  және  филиалдар  мен  өкілдіктерді  есептік  тіркеу»  Заңының  талаптары,  құжаттарды қабылдау тәртібі мен талаптары   түсіндірілді.

Астана күнін мерекелеуге байланысты

5 шілде күні «Астана күні» мерекесіне орай Сырым аудандық Әділет басқармасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің мамандарымен бірлесіп,  заң көмегіне мұқтаж жандарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға заң көмегін көрсетті.

Кездесу барысында ҚР Президентінің биылғы Жолдауы насихатталып, әділет органдарының қызметі, сондай-ақ, қолданыстағы заңнамалар бойынша заңгерлік кеңестер беріп, оларды толғандырған мәселелер бойынша барлық сауалдарға жауаптар берді.

Беттер